«Жаңа оқу жылында мен қалай оқимын?» тақырыбында өткен сынып сағаттары.

 21 тамыз 2020 жылы ЖББ №25 орта мектебінде коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы «Жаңа оқу жылында мен қалай оқимын?» тақырыбында сынып сағаттары өтті.

 Сынып сағаттарында жаңа оқу жылындағы оқу форматтары, қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру Интернет-платформасымен таныстырылды.

Мен және менің денсаулығым бөлімінде балаларға жеке басының гигиенасы, күн режимі, дене жүктемесі, дұрыс тамақтану туралы, күн тәртібін орындау, уақытты тиімді пайдаланудың маңыздылығы туралы айтылды.

       Сонымен қоса білімалушыларды жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі және интернетте жұмыс істеу ережелері, оқушылардың жауапкершілігі туралы айтылды

       

Дата: 21.08.2020, 12:02 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп