Балқаш қаласының Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебінде «2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында қашықтан педагогикалық кеңес өткізілуі туралы ақпарат

020 жылдың 19 тамызы күні Балқаш қаласының Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебінде «2020-2021 оқу жылында оқу процесін  ұйымдастыру» тақырыбында  қашықтан педагогикалық кеңес өтті, 34 педагог пен әкімшілік мүшелері қатысты. Кеңесте коронавирустық  инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында  оқыту ерекшеліктері туралы мектеп директоры Сыздыкова С.К. хабарлама жасады. 1-4 сыныптарда «кезекші сыныптардың »  жұмысы, қойылатын санитарлық талаптар, 5-11 сынып білім алушыларымен қашықтан оқытуды ұйымдастыру, формативті бағалау, қорытынды бағаның есептелу ерекшелігі , мектеп формасының міндеттілігі (ұқыпты, іскерлік стильдегі киім үлгісіне рұқсат)  сияқты мәселелер қамтылды. 
Мектеп ұжымы «БІЛІМАЛ.ЭЛЕКТРОНДЫ МЕКТЕП»  білім беру интернет-платформасын таңдап алды. Мектеп директоры демонстрация жасай отырып осы платформаның функционалдық ерекшеліктерін түсіндірді.
Дата: 19.08.2020, 20:39 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп