«Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» туралы отырыс секциялық өтті.
ЖББ №25 орта мектебі бойынша 2020 жылдың 18-інші тамызы күні «Тамыз кеңесі 2020» іс-шара аясында мектебімізде сынып жетекшілер секциясында «Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» туралы отырыс өтті. Отырысқа мектеп директоры С.К.Сыздыкова,әлеуметтік педагогтар Б.Т.Қасатова мен Г.М.Бакирова және психолог Г.Ж.Тулеубаева,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.М. Жолдасбекова , Балқаш қаласы ЖПКБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтененты Ж.Б.Секебаев қатысып,мектеп қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен бірге кәмелетке толмаған балаларға қарсы күш көрсету,қол көтеру психикалық қысым жасау фактілері бола тұра, ішкі істер қызметіне хабарламаса, педагогикалық қызметкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы да еске сала өтті.Мектеп оқушыларының қауіпсіздігіне мектептен тыс уақытта және кешкілік мезгілде ата-аналарының жауап беретіндігін басып айтты.
Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.М.Жолдасбекова «Қоғамда зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында баяндама оқыды.
Мектеп психологы Г.Ж.Тулеубаева ата-аналарға арналған жадынама дайындап , осы тақырып бойынша өз ойымен бөлісті.
Дата: 18.08.2020, 15:38 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп