Ұстаздары stepic.org сайтында «Қашықтан оқытуды үйренемін» атты курстан өтуі туралы ақпарат

  Тамыз айының 10-14 аралығында №25ЖББ орта мектебінің ұстаздары stepic.org сайтында «Қашықтан оқытуды үйренемін» атты курстан өтті. Курс барысында ұстаздар қашықтықтан оқыту түрлері, оқу күнін жоспарлау, "Бағалауды ұйымдастыру" тақырыбы аясында қашықтан оқытудағы бағалау әдіс-тәсілдерін және оларды қамтамасыз ету нұсқаларымен, қашықтан оқытуды ұйымдастыруға қолдау көрсететін онлайн сабақтарды өткізу ережелерімен, оқу үдерісінде оқушылардың өзін-өзі ұйымдастыруы,оларды ынталандыру туралы мәліметтер алды.

   АКТ құралдары модулінде Сапалы цифрлық білім беру ресурстарын қалай таңдауға болады және оларды оқу процесін ұйымдастыруда мақсатқа сай қалай тиімді қолдануға болатыны туралы білді.

«Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету» атты бесінші модульде қашықтан оқыту кезіндегі ата-аналардың рөлі және олармен өзара әрекеттесу жолдары қарастырылды.

  
Дата: 18.08.2020, 16:27 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп