Мемлекеттік қызмет көрсету

    «Қоңырат кенті Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтерді көрсету,қажетті қызметтерді алу туралы ақпараттар мен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті құжаттар және нормативтік-құқықтық актілердің тізімдері ақпараттық стендта орналастырылды.


   1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік стандарты.

   Көрсетілетін қызметті алушы (немесеоның заңды өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

  1. осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
  2. 2008 жылға дейін туылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжат ( түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
  3. дәрігерлік кәсіби-консультативтік қорытынды, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген №086/е нысан;
  4. 2 данада 3×4 см өлшеміндегі фотосурет;
  5. педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (болған жағдайда);

2017 жылы барлығы 55  өтініш келіп түсті.

Барлық құжаттар стандартқа сай қабылданды. Ешқандай бұзушылықтар жоқ.

 

    2. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №172 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы стандарты.

     Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

  1. осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. баланың туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);
  3. көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің (сәйкестендіру үшін)жеке басын куәландыратын құжат;
  4. әскери қызметкердің немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, мөр басылған және уәкілетті тұлғаның қолы қойылған анықтама (бар болғанда) (берілген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде жарамды);
  5. ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болғанда);
  6. мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжаттар (бар болғанда).

2017 жылы  барлығы 14  өтініш келіп түсті.

Барлық құжаттар стандартқа сай қабылданды. Ешқандай бұзушылықтар жоқ.

 

3. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін стандарты.

        Көрсетілетін қызметті алушы  көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

  1. өтініш (еркін нысанда);
  2. үйде оқыту бойынша ұсынымдармен қоса дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы;
  3. мүгедек балаларға ұсынылатын білім беру оқу бағдарламасы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы;

2017 жылы бір өтініш келіп түсті. Үйде оқитын оқушыларға мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Барлық құжаттар стандартқа сай қабылданды. Ешқандай бұзушылықтар жоқ.

Дата: 28.02.2018, 15:37 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп