Мектебімізде 5 сыныптар арасында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбында виктариналық сұрақтар өткізілді.

Мектебімізде 5 сыныптар арасында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбында виктариналық сұрақтар өткізілді.

Мақсаты : балалар әдебиетінің классигі, балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың  «Балалық шаққа саяхат» атты шығармасын оқи отырып,  оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, патриоттықа және кітап оқуға қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу.

   Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы қазанның 15-інде Алматы облысының Нарынқол (қазіргі Райымбек) ауданында туған. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтынан кейін Мәскеудегі Жоғары  әдеби курсты бітірген. Біраз жыл ауылдық мектепте ұстаз болып, кейіннен баспасөз саласына ауысты. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясында қызмет істеді. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөнінде әдеби кеңесші болды. 

   Шығармашылық жолын балаларға арнап өлең жазудан бастап, «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының белсенді авторы болды. 1950 жылы «Бұлақ» деп аталатын өлең жинағын шығарған. Кейіннен балалар мен жасөспірімдерге арналған прозалық шығармаларын жазды. Оның балаларға арнап жазған туындылары балалардың ғана емес, үлкендердің де сүйіп оқитын шығармаларына айналды. 

Дата: 16.03.2017, 6:06 Автор: СШ №5