15.02.2107ж. күні ЖББ№5 орта мектебінде «Білімді ел- Мәңгілік ел»тақырыбында "Жыл мұғалімі" байқауы аясында өткізілетін мектепішілік кезеңінің ашық сабақ көрсетілімі болып өтті
№5 ЖББ орта мектебінде ақпанның 15 күні «Үздік жыл мұғалімі» байқауы аясында мектепішілік кезеңде ашық сабақтар өтілді.
Білім беру мазмұнының жаңаруы барысында 1 сыныптарда жаратылыстану пәнінен «Глобусты қалай қолданамыз?» тақырыбында, А.К. Аханова, дене шынықтыру пәнінен Т.К.Дюсекеев «Тірек қимыл жаттығуларын дамыту» тақырыбында, ағылшын тілі пәнінен А.С.Сәкібай «Transporf» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.
5-9 сыныптарда қазақ әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығының даму барысы бойынша қазақ әдебиеті пәнінен «6 Ә», «6 А» сыныптарда Ж.М. Имангалиева мен Б.Т.Адамбаева М.Мақатаевтың «Елім барда», «Анау-аспан, мынау-бақ» өлеңдері тақырыбында өтті.
10-11 сыныптарда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бойынша 11 «А» сыныбында математика пәнінен С.Р.Рымкешев «Призманың көлемі», 10 «А»сыныбында химия пәнінен М.Н.Султанова «Құрамында қоспасы бар компоненттерден алынатын өнімнің массасын табу» тақырыбында ашық сабақтар өтті. Барлық пән мұғалімдері өз сабақ жоспарларын Блум таксономиясы бойынша құрып , оқытудағы жеті модульді сабақтарына ықпалдастыра алды, топтық, жұптық жұмыстардың түрлерін көрсете білді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында түрлі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік жасай алды. Барлық сабақтың өтуіне әдістемелік көмек көрсеткен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Ж.С. Мухаметжанова, С.А.Жакупбекова, Г.Мерейхан. Соңында мектеп директоры А.Т.Абдуалиева «Мектептің даму Стратегиясының жүзеге асырылу барысы» туралы рефлексия жасады.