Размер шрифта:

Жалпы білім беретін №5 орта мектебі ұжымы мен мектеп оқушылары 08.10.2016ж күнгі қалалық сенбілікке бір кісідей ат салысты

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінде  07.10.16ж күні  1-11 сынып оқушыларына  жұмыс  лездемесі өткізіліп,  08.10.2016ж күнгі қалалық сенбілікке шығатынын және оқушылар арқылы  ата-аналарға қалалық сенбілікке шақыру қағазы таратылды. 7-10 сынып оқушылары   мектеп маңында орналасқан  көп қабатты үйлердің  есіктеріне  ата-аналарға арналған шақыру қағаздарын жапсырып қайтты. 08.10.16ж күні сағат 10.00-де
7-10 сынып оқушылары , мектептің  шаруашылық қызметкерлері және мұғалімдер   Русаков  ескерткіші маңында және  желтоқсан-мира көшелері қиылысында бөлініп берілген жерлерде тазалық жұмыстарын жасап,  қураған шөптерді жұлып,қоқыстардан тазартып қайтты. Сенбілікке  7-10 сыныптардан  60оқушы, 15 мұғалім, 10 кіші шаруашылық қызметкерлері қатысты.

Дата: 11.10.2016, 4:01 Автор: СШ №5