Размер шрифта:

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің 2016-2017 оқу жылына арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау» атты салтанатты жиыны өткізілді.

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің 2016-2017 оқу жылына арналған  «Сыңғырла,  күміс қоңырау»  атты салтанатты  жиыны өткізілді.

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінде  01.09.16ж күні сағат 10.00-де  2016-2017 оқу жылына арналған «Мәңгілік ел» патриоттық актісі аясында«Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбында «Сыңғырла ,күміс қоңырау!» салтанатты жиын өткізілді.Жиынға Нұр Отан партиясы Балқаш қаласы филиалының төрағасының бірінші орынбасары Секербекова Бибигуль Мажитовна   және қалалық білім бөлімінің   бас маманы Жанбекова Дина Серікқызы    шақырылды. Салтанатты жиында мектеп  директоры Абдуалиева Айна  Тлеккабыловна  және  Секербекова Бибигуль Мажитовна құттықтау сөз сөйлеп ,мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндерге  жақсы тілектерін білдірді.1 сынып табалдырығын аттаған  бүлдіршіндер  өздерінің жүрек жарды тілектерін  тақпақ, әндерімен білдірді. Алғаш мектеп табалдырығын аттағалы  тұрған  ізбасарларына құттықтау сөз кезегін 11-сынып оқушысы   Қосыбаева Жұлдыз  және 1 сыныптың ата-аналар атынан  Нұрдос Кәрімге  берілді.Жиын соңында 1-сыныпқа қадам басқалы тұрған 1Ә сынып оқушысы   Әділетқызы Айым    және  мектебіміздің түлегі Тоқтағаны Еламан  алғашқы қоңырауды   соқты.  Оқушылар дайындаған ән шашумен  жиынды аяқтап ,барлық сыныпта Тәуелсіздіктің 25 жылдығы«Мәңгілік ел» патриоттық актісі аясында «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбындағы сынып сағаттары өткізілді.  5-9 сыныптарда    Нұр Отан партиясы Балқаш қаласы филиалы  төрағасының бірінші орынбасары Секербекова Бибигуль Мажитовна   11А сыныбында    «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбында   дөңгелек үстелге қатысты. Келген қонаққа оқушылар бірнеше сұрақтар қойып, жақсы  мағұлматтар алды.Сынып оқушыларына «Болашақта еліміздің өркендеуіне сіздер қандай үлес қосар едіңіздер?», «Мәңгілік Ел» түсінігі нені білдіреді?,  «Мәңгілік ел» идеясы қандай  құндылықтарды қамтиды? деген сұрақтарға оқушылар толық жауап бере білді.

Дата: 2.09.2016, 6:01 Автор: СШ №5