«31 мамыр-саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға» арналған іс-шара
31.05.16ж күні сағат 11.00-де мектебімізде өткен ғасырдың 30-шы жылдарында отаршыл жүйенің озбырлығынан еліміздің бастан кешкен трагедиясы - ұлы нәубет құрбандарына тағзым ету мақсатында «Тарихқа тағзым» атты 8-10 сынып оқушыларыменжәне мектеп ұстаздары Жетыбаева Ш.Д,Ибрайбекова А.Н қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара «Қосбасар 58 статья» күйімен басталды және Шакижанова А.К сөз сөйлеп ашып берді.Дөңгелек үстелге орталық қалалық А.Гайдар атындағы балалар кітапханасының кітапханашысы Мулкеманова Сағыныш Мейрамовна шақырылды.Келген қонақ оқушыларға «Алжир түрмесіндегі әйелдер көрген зомбылық» тақырыбында айта отырып, бейне фильм көрсетілді.Тарих пәні мұғалімі Жакупбеков Мадияр Исмуханович ХХ ғ. 30 – жылдарындағы Қазақстандағы ашаршылықтың демографиялық зардаптары Қазақхалқыныңкөрнекті перзенттері - Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Майлин және басқа да көптеген саңлақтарымыз қуғын-сүргін құрбандары болғаны және қатал тоталитарлықжүйеніңбарлықауыртпалығын қазақхалқымен бірге жер аударылған 1,5 миллион неміс, поляк, корей, чешен, түрік, грек және басқа да халықтар өкілдері көтергендігі туралы толық мағұлматтар берді.Сынып оқушылары тақырыпқа сай өз ойларын ортаға салды. «Мәңгілік елдің» жеті басымдығы бойынша үгіт бригада мүшелеріне сөз берілді. Соңында тақырыптық кітап көрмесімен таныстырылып, «Тарихха тағзым» атты слайд көрсетілді.Дөңгелек үстел соңында жүргізуші саяси қуғын – сүргін мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихтың шерлі беттерінің бірі болып қала бермек. Әкімшілік – жазалаушы жүйе еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ. Біздің ендігі жерде борышымыз - осы қаңқұйлы жылдардың оқиғасы, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі еске сақтау керек деп өз сөзін аяқтады. Осы күні сағат 14.00-де қалалық мұрағатта ұйымдастырылған іс-шараға 8 сынып оқушылары және сынып жетекшісі барып қатысып қайтты.