Ел басының халқына жолдауы!
Біз Елбасын қолдаймыз!
Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің 11 «А» сынып оқушылары мен мұғалімдері ҚР Президенті Н.Назарбаевтың халыққа арналған кезекті жолдауын тыңдап, талқылады.
Елбасы өзінің жолдауында халыққа қазіргі дағдарыстың жай сын сәті ғана екендігін түсіндіріп, одан шығудың жолдарын атап көрсетті. Бұл жолдау халықты жаңа жаһанға бастайтын жолдау. ҚР-ның экономикасына әсер етіп жатқан сыртқы және саяси факторлар туралы айта отырып, мемлекетіміздің дамуының өткен белестеріне көз жүгіртті. Медицинадағы жетістіктерге, Қазақстан халқының орташа өмір ұзақтығының едәуір жоғарылағанына тоқталды. Бұл халықтың жағдайының тұрақтылығының белгісі. 100 нақты қадамнан тұратын Ұлттық Жоспарды үздіксіз модернизациялау арқылы ғана жетістікке ққол жеткіземіз.Өз ұлттық валютамызға сенім артуымыз қажет,яғни өз қорларымызды,жинақтарымызды, салымдарымызды ұлттық тенгеде жинақтауымыз керектігіне баса назар аударды.Сонымен қатар Елбасы терроризмге қарсы әлемдік желі құру керектігін айта отырып,Ресей мен Түркия мемлекеттерінің арасындағы келіспеушілікке де тоқталып,оны бейбіт жолмен шешуді ұсынды.Елбасы сөзінің соңында: «Дағдарыстың бәрі өткінші,өтеді,кетеді.Дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін бізде бәрі бар. Көк байрағымыз биіктерден көріне берсін!» - деп халыққа сенім, күш – қуат берді.