Размер шрифта:

"Алтын күз"

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінде  «Сыбдыры сұлу Алтын күз!»  атты салтанатты жиын өтті.

Күз балға барлық сыныптар ат салысты! Күзгі бал мерекесінің бағдарламасы төмендегідей болды:

1. Топты таныстыру (Топтың аты, эмблемасы, киімдері. Топтың киімі бірыңғай болуы шарт. Сыныптың жетістіктері жайлы өлең шумақтарымен топты таныстырады.)

2. Өз өнерлері (ханзада мен ханшайым өнер көрсетеді) 

3. «Күз » тақырыбында үздік плакат байқауы ұйымдастырылды

4. Жемістерден мүсін жасау (сайыс барысында 10 минут ішінде жемістерден мүсін жасау сұралады)

 5.Сән үлгісі (Киім, шаш үлгісі күзге байланысты болу қажет және де қолдан жасалған. Пакеттен немесе жапырақтардан, гүлдерден, шардан және тағы басқа)

Салтанатты жиынға 2-4 бастауыш сыныптар, 5-7 орта буын және 8-11 жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Салтанатты жиын сайыс түрінде өткізілді. Сағат 15:00 бастауыш сыныптар арасында өтсе, 16:00 орта буын сыныптарымен өткізілді. Сайыс барысында барлық талаптар орындалды . Сыныптардың  барлығы жоғарғы деңгейде дайындалған. Барлық оқушылар күзгі балға өте жоғары дәрежеде дайындықпен келген. Үй тапсырмаларында, қолдан жасалған көйлектері де көздің  жауын алады. 

Дата: 11.11.2015, 7:48 Автор: СШ №5