Размер шрифта:

"Күз кереметі"

«Еркетай» шағын-орталығында  тәрбиешілер «Күз кереметі» - тақырыбында көрме ұйымдастырды. Көрмеге ата-аналары мен балалары бірлесе қатыса отырып, қолдан әр - түрлі қызықты заттар жасады.

Атап айтсақ  Дуппер Г. анасымен бірігіп жасаған «Көңілді отбасы» тақырыбында жасаған ойыншықтары барлық балалардың қызығушылығын арттырды.  Ал, жапсыру суреттері арасынан  Қайрат М. әкесімен жасаған "Кірпі" тақырыбындағы жұмысы әдемі, әрі әсерлі шықты. Алтын күз мерекесіне орай балалардың көңіл-күйлері өте көтеріңкі.

Шағын-орталыққа кіргенде «Күз кереметі» атты көрмеміз көз жауын алады.

Дата: 23.10.2015, 11:45 Автор: №5 ОМ