Денсаулық күні
Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің 01-05.09.15ж аралығында өткізілген денсаулық күніне арналған іс-шаралар ақпары
Жалпы білім беретін №5 орта мектебінде 5-6 сыныптар аралығында «Денің сау болсын десең, спортпен шұғылдан!» тақырыбында әңгіме сағаты өткізілді.Мектептің бірінші қабатында «Денің сау болсын десең,спортпен шұғылдан!» тақырыбында стенд әзірленді.1-11 сыныптарда «Жақсы денсаулық өмір жасыңды ұзартады» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.Медбике Жазибекова С.С 7-8 сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтану –денсаулық кепілі» атты әңгіме оқыды.Мектепте дәрігерлік есепте тұрған оқушылар «ЗОЖ» қызметкерлерімен кездесуге барды.9-10 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге «Спид» орталығына барып мамандар кеңестерін тыңдап қайтты.Лектор В.Г Сивун оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Қазақ тілі мамандары 7-8 сынып оқушылары арасында «Дені саудың-жаны сау» тақырыбында шығарма жаздырып қорытындылады. «Салауатты өмір салтын сақтайық!» ұранымен қалалық вело жарысқа 10 оқушы, «көңілді старт»ойынына 4сынып оқушылары, және көрермен ретінде 8-9 сыныптан 40 оқушы, сынып жетекшісі,денешынықтыру пәні мұғалімдері қатысып қайтты.Сағат 12.00-де мектептің 2-4 сыныптар арасында көңілді сөре ойыны,5-7 сыныптар арасында әр түрлі қозғалмалы ойындар,8-10 сыныптар эстафеталық жарыстар ұйымдастырды. Аға тәлімгер Айтқұл Л.Ж «Көңіл жақсы болғаны, өмір жақсы болғаны»атты сап жиынмен апталықты қорытындылады.