Размер шрифта:

«Сыңғырла,соңғы қоңырау!»

«Сыңғырла,соңғы қоңырау!»

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің  25.05.2015ж күнгі  «Сыңғырла,соңғы қоңырау!» салтанатты жиынның ақпары

 

25.05.15ж күні  сағат 10.00-де  дәстүрлі  «Сыңғырла,соңғы қоңырау!» салтанатты жиын өткізілді. Жиынға  мектеп бітіруші  9сынып оқушылары,ата-аналар және шақырылған қонақтар қатыстырылды. Салтанатты жиын мектептің АКТ залында  өткізілді.АКТ залы мерекеге байланысты безендіріліп, түлектер және ұстаздар туралы слайд  көрсетілді.Жиынға  ата-аналар комитеті төрайымы  Қосыбаева Назгүл Зекеновна, «Шапағат»әкелер кеңесінің төрағасы  Карин Ерлан және ардагер ұстаздар,учаскелік полиция инспекторы Сұлтанбеков Болатбек Сайлаубекұлы  шақырылды.Мектеп  директоры  Абдуалиева Айна Тлеккабыловна  құттықтау сөз сөйлеп жиынды ашып берді. Жакупбекова Сауле Азихановна  9 сыныптарын құттықтауға  арналған  бұйрықты оқып  оқу жылын жақсы аяқтаған  , қоғамдық жұмысқа  белсене қатысқан,спорттық жарыстарға қатысқан оқушыларды және мектеппен үнемі тығыз байланыста болған ата-аналарды марапаттады. Мектеп түлектері  ұстаздарына арнаған тілектерін білдірді. 1сынып оқушылары  апа-ағаларына арнап тақпақтарын,әндерін жолдады және  естелік сыйлықтар тапсырды.Түлектердің сынып жетекшісі Иманғалиева Жаңыл Мұратовна және ата-аналар комитеті атынан Қосыбаева Назгүл Зекеновна  құттықтау сөз сөйледі. Жиын соңы мерекелік ән шашуға ұласты және естелік суретіне түсірілді.

Орындаған: Шакижанова А.К

Дата: 26.05.2015, 4:37 Автор: СШ №5