Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің 2014-2015 оқу жылының 9 мамыр Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар ақпары
Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің 2014-2015 оқу жылының
9 мамыр Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар ақпары
Жалпы білім беретін №5 орта мектебінде 04.05.15ж күні мектептің алдында 9 мамыр Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты банер ілініп мектептің бірінші қабатында стенд безендірілді.Кітапханада «Ұлы Жеңіс жасасын!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.7 мамыр –Отан қорғаушылар күніне орай 7-10 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. Мұқаметжан Тоқжан Дәуренқызы мектептің бірінші қабатында «Отан үшін от кешкендер» атты слайд фильм көрсетті.1-10 сыныптар арасында « Ерлік жыры-елдіктің ескерткіші»тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.08.05.15ж күні «Ерлігін бабалардың ұрпақ білер» атты салтанатты сап жиын өтті.Сап жиында мектеп директоры Абдуалиева Айна Тлеккабыловна құттықтау сөз сөйлеп, мерекемен құттықтады.Мектеп оқушылары қалалық іс-шараларға да қатыстырылды. Атап айтсақ, «Соғыс жылдарындағы және патриоттық әндер»атты байқауы, «Сап түзеу және ән айту»байқауы, «Ерліктің мәңгілік алауы» атты қалалық сахналандырылған әскери-патриоттық әндер фестиваліне қатысып мадақтамамен марапатталды. «Ұлы Жеңістің 70 жылдығына» байланысты барлық іс-шаралар толығымен орындалды.
Орындаған: Шакижанова А.К