Размер шрифта:

« Балалар жарақатының алдын алу»

« Балалар  жарақатының   алдын алу»

01.04.2015ж.   «Балалар  жарақатының   алдын алу» айлығының     іс-шаралар жоспары құрылып, таныстырылды.

02.04.2015ж. мектеп мед бикесі Жазибекова Саягуль Саменовна «Балалар арасындағы жарақаттың алдын алу» тақырыбында  5-10сынып оқушылар арасында дәріс сағатын  өткізді.

03.04.2015ж. Қазақ тілі пәні мұғалімдері 7-8 сыныптар арасында «Жол  жарақатынан сақтану»  тақырыбында шығармалар байқауын ұйымдастырды.  1-10 сынып оқушылары арасында «Жолда жүру ережесін сақтаймыз» , «Жолда болатын жарақаттанудан сақтану өз қолымызда» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

10.04-20.04. күндері аралығында мектептің бірінші қабатында  Мұқаметжан Тоғжан Дәуренқызының  ұйымдастыруымен «Абайла балақай»атты  бейне ролик көрсетіліп, түсіндіру арқылы ақыл кеңес жұмыстары жүргізілді.

 16.04.2015ж. 7-10 сыныптар арасында   Балқаш қаласының орталық ауруханасының лекторы Аманкулова В.Ш жарақаттың  алдын –алу және салауатты өмір салтын сақтау» тақырыптарында дәріс сағатын өткізді.

Мектептің  екінші  қабатында жолда   журу   ережесіне    байланысты    стенд ұйымдастырылып,  оқушыларға  таныстырылды. 

Мектептегі жас жол инспекторлары мүшелері жаяу жүргіншілерге және автокөлік  жүргіншілеріне  арналған ережелер жазылған қима қағаздар  таратты.
27.04.15ж күні  «Балалар арасындағы жарақаттың алдын-алу» айлығының қорытындысы жасалынды.

Жоспардағы  іс-шаралардың  барлығы   жүзеге  асырылды.

Дата: 11.05.2015, 3:22 Автор: №5 ОМ