Размер шрифта:

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің 4 «Ә» сыныбында «Достық мекені» атты ашық сынып сағаты өтті.

  Тәрбие сағатының мақсаты: Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету. Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып , басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.
Көп ұлтты мемлекетіміздің  мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау, сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту.
 Жас ұрпақты патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ояту., өзСынып оқушылары жақсы дайындықпен келгендігін көрсете білді. Қазақ, өзбек, орыс, корей, украин, испан халықтарының  ұлттық киімдерін киіп, сол ұлттың биін билеп, ұлттық тағамдарын әзірледі.Ән, би, жырларымен жарысып, өз өнерлерін ортаға салды.

                                 4 «Ә»сынып жетекшісі А.Асылханова

Дата: 5.05.2015, 10:37 Автор: СШ №5