Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің 11.04.15ж күнгі қала күніне арналып өткізілген іс-шаралар ақпары
Жалпы білім беретін №5 орта мектебінде 06-13.04.2015ж күні аралығында қала күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырып өткізілді.
Мақсаты: Жас жеткіншектердің туған қала, оның көрікті жерлерімен таныстыру, табиғатына, әсем көшелеріне, биік үйлеріне, мәдени орындарына, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру , аймақтық ақындардың шығармаларымен таныстыру. «Жер тарихы - ел тарихы» демекші, өңіріміздің тарихы болашақ жас ұрпақ қолында. Еліміздің қай жерінде жүрсек те тарих қойнауына тереңдеу арқылы жер ұйығымыздың, ата- бабаларымыздың қалдырып кеткен бай мұрасына , болашақ ұрпақ байтақ еліміздің мұрагері болуы керек. Өйткені туған Жер-Ана –тұнған қазына, ең байтақ, ең бай, ғажайып тарих. Балқаш қаласы - өнер мен білім ордасы. Спорт пен Мәдениет ошағы. Мәдениеті гүлденген Көкше теңіздің жағасындағы жасыл желекті қала өнері де шарықтап биікке өрлеумен келеді. «Берекелі,мерекелі мекенім» тақырыбында мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылып оқушыларға таныстырылды.Махашова Көптілеу Шойынбаевна 5-6 сынып оқушыларымен «Атыңнан айналайын туған қалам» әңгіме өткізді.
Мектептің бірінші қабатында Каукенова Ботагөз Ерболатовна оқушылар салған суреттерден «Балқаш –болашақтың қаласы»атты сурет көрмесін ұйымдастырды. 3А сыныбында Нұржанова Қарлығаш Срайловна «Менің сүйікті қалам» тақырыбында «Брейнг-ринг» ойыны өткізілді.4А,Ә сынып оқушыларымен «Туған жерім-тұғырым» тақырыбында мақал-мәтел сайысы өткізілді.1-10 сыныптар арасында«Гүлдене бер,ару Балқашым» атты сынып сағаттары өткізілді.
Иманғалиева Жаңыл Мұратовна және Адамбаева Бақытгүл Тарыбайқызының ұйымдастыруымен 7-8 сыныптар арасында «Мен өз қаламды мақтан етемін»тақырыбында шығарма,эссе жаздырды.6-7 сыныптар арасында«Балқаш жылнамасы» компьютерлік байқауы болып өтті.1-10 сынып оқушыларымен спорттық жарыстар ұйымдастырылды.1-4 сыныптар арасында «Бірлік пен ынтымақ мекені-Ару Балқаш» тақырыбында асфальтта сурет салу байқауы өткізіліп қорытындысы шығарылды. 13.04.15ж күні қала күніне арналған іс-шаралар «Әсем қала,ару қала-Балқашым»атты сап жиынмен қорытындыланды. Біз туған өлкемізді мақтан етіп, еліміздің ,жеріміздің гүлденуіне өз үлесімізді аянбай қосуымыз керек.
