Cоғыс сарбаздары слайд байқауы
ЖББ№5 орта мектебінде 3 наурыз күні Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Соғыс Сарбаздары» атты слайдтық – презентациялар байқауы өткізілді. Байқауға қала мектептерінен 12 мектептің оқушылары «Балқаш өңірі және Пульс газетінің » тілшілері Тойымбекова Шұғыла Берікбайқызы ,Искаов Мақсат Берикбекович қатыстырылды. Слайдтық – презентациялар байқауын берілген шарттарымен таныстыра отырып әділқазылар алқасы сайланды.Әділқазылар алқасына «Балқаш өңірі және Пульс газетінің» тілшілері Тойымбекова Шұғыла Берікбайқызы, Искаов Мақсат Берикбекович ,мектебіміздің ақпараттық істер жөніндегі орынбасары Мұрат Хайратбек,ағылшын тілі пәні мұғалімі Жетыбаева Шолпан,информатика пәні мұғалімі Химиран Роза сайланды.Әр мектеп өздері дайындап әкелген слайдтарын қорғап шықты.Қорытындысында жүлделі І орынды ЖББ№5 орта мектептің 9 сынып оқушысы Есмұратова Саяна,ІІ орынды №7 мектеп гимназиясының 8 сынып оқушысы Мырзағалы Гүлназ,ІІІ орынды ЖББ№3 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мукашева Алина иеленсе, номинациялармен қалалық гимназияның 9 сынып оқушысы Джумагулов Даулет,ЖББ№17 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Киприна Анна ,Безродная Валерия және №2 мектеп интернатының 9 сынып оқушысы Жолдыбек Ұлан марапатталды. Қалған мектептерге қатысқаны үшін мадақтамалар табыс етілді.Байқау соңында Ұлы Жеңіске арналған әндер шырқалды.


