Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің 19.03.2015ж күнгі «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шаралар ақпары.

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің 19.03.2015ж күнгі «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шаралар ақпары.

 

 

19.03.2015 ж күні 1-10 сыныптар аралығында  «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты  іс-шаралар жоспарланып  өткізілді.Мектептің спорт залында  киіз үй тігіліп, оқушылардың өз қолдарынан әзірленген  бұйымдардан көрме ұйымдастырылды.

Мектептің бірінші қабатында   және кітапханада тақырыптық стенд және кітап  көрмесі қойылды. Осы күні 1-10 сыныптарға арналған салтанатты  сап жиын өткізілді.Сап жиын Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» аясында  ұйымдастырылып өткізілді. Мектеп басшысы Абдуалиева Айна Тлеккабыловна ұстаздар мен оқушыларды  Наурыз мерекесімен  құттықтай отырып осы күні өткізілетін іс-шаралармен таныстырып өтті.

 2-3 сыныптарының ұйымдастырумен «Әжелер »сайысы өткізілді. Оған әр сыныптан бір -бір әжеден қатысты. 2 «А» сыныбынан Самал әжеміз, 2 «Ә» сыныбынан Гауһар әжеміз 3 «А» сыныбынан Ақсұңқар әжеміз қатысып,өз өнерлерін ортаға салды. Сайыс 5 кезеңнен тұрды.

1. Өзін, өз отбасын таныстыру
2. Өнер сайысы қазақша ән немесе би
3. Ою оя білесіз бе?
4. Сыр сандық сұрақ - жауап сайысы.

5 .Ұлттық тағам

Әділқазы алқалары сайланып кеш қыза түсті.  Әжелердің қай-қайсысы болмасын,нағыз өнерпаз жандар екенін көрсетті.Әжелерге қабілеттері және көрсеткен өнерлеріне сай атақтар берілді. Әділқазылар  шешімі бойынша   «Білгір әже» номинациясымен Самал әжеміз марапатталды. Мейірбан әже» номинациясымен Гауһар әжеміз марапатталса, Алтын оймақты шебер әже» номинациясымен Ақсұңқар әжеміз марапатталды. Әжелерімізге дипломдар мен естелік сыйлықтар, гүл шоқтары тапсырылды.

2 «А» 3 «А » сынып жетекшілеріне  ұйымдастырғаны үшін  алғыс айтты. Қадірлі әжелердің белсенділігі көрермендер көңілінен шықты.

4-10 сыныптар аралығында  әр түрлі салт дәстүрлерден көріністер көрсетіліп, тәрбие сағаттары өткізіліп,наурыз көже таратылды.

 

   

Орындаған : Шакижанова |А.К

Дата: 27.03.2015, 8:29 Автор: СШ №5