Қарттар күні

1 Қазан-Халықаралық қарттар күні

 

Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Бүгін мектебімізде қарттар күніне орай мектебіміздің ардагер ұстаздарын құттықтады. Біз, 7 «А» сыныбы Шашубай көшесінің 21 үй 66 пәтерде тұратын, мектебіміздің құрметті ардагер ұстазы 38 жыл еңбек өтілімі бар Кульмаганова Роза Абилькаповнаны құттықтап үйіне бардық. Оқушылар өздерінің сұрақтарын қоя отырып ардагер ұстаздың еңбек жолымен танысты. Кульмаганова Роза Абилькаповна 03.05.1942 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1959-1964 жылдар аралығында «Жен Пи» 1965 жылы ЖББ №18 орта мектепте, пос. Шашубайда 1978 жылы директордың орынбасары, жоғарғы санатты химия мұғалімі, 1995-2003 жылдар аралығында біздің ЖББ №5 орта мектебімізде еңбек жолын жалғастырып, зейнетке шыққан екен.

«Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да, сіз ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытуға аянбай еңбек еттіңіздер. Ол үшін айтар алғысым шексіз»- деп өз тілегімізді айта отырып, шағын силығымызды беріп қайттық.

  

Дата: 8.10.2014, 2:26 Автор: СШ №5