«Сыңғырла,күміс қоңырау»
Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің 01.09.2014ж күнгі «Сыңғырла,күміс қоңырау» атты салтанатты жиынның өткізілуі туралы ақпар
Жалпы білім беретін №5 орта мектебінде 01.09.2014ж күні сағат 10.00-де 1-10 сыныптарға арналған алғашқы қоңырау салтанатты жиыны болып өтті.Мектеп алаңы мерекелік безендірілді.Мектептің бірінші қабатынада оқушыларға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд фильм қойылды. Білім күнінің салтанатты жиыны Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050: бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» стратегиясына арналып өткізілді.Салтанатты жиынға Балқаш қалалық ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі Молдабеков Самат Бексұлтанұлы келіп қатысты. Салтанатты жиында мектеп директоры Абдуалиева Айна Тлеккабыловна келген қонақтарды,ата-аналарды және мектеп оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтар,өткен оқу жылындағы мектепте жасалынған жұмыстар жөнінде хабардар етті.Мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерге сөз берілді.Ата-аналарға және 10 сынып оқушыларының жас бүлдіршіндерге арналған жүрекжарды тілектері айтылып, 1 сынып оқушыларына әліппе оқулығы таратылды.Жиын соңы мектеп табалдырығын аттап отырған 1А сынып оқушысы Абильдина Дильназ және 10 сынып оқушысы Ашықбаев Айдын алғашқы қоңырау соқты.Жиын аяқталғаннан соң 1-10 сынып оқушылары өз кабинеттеріне кіргізіліп, Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050: бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ»стратегиясына арналған тақырыптарда сынып сағаттары 1-4 сыныптар: «Қазақстан-мәңгілік ел!» тақырыбында 5-9сыныптар: «Біз Қазақстандықтар-біртұтас халықпыз» тақырыбында өткізілді. Ибраева Гүлжазира Қуанышбекқызы 9А сынып оқушыларымен «Мәңгілік ел-біздің ата-бабамыздың арманы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Иманғалиева Жаңылған Мұратовна 8 А сынып оқушыларымен «Біз Қазақстандықтар-біртұтас халықпыз» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатында Елбасының «Қазақстан жолы-2050:бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ»атты жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы-болашақ табыстардың негізі екенін баса айтылғандығы және Мәңгілік ел-жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы жайында оқушыларға түсініктер берілді.Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білді.





