«Cоңғы қоңырау»
ЖББ№5 орта мектебінде 25 мамыр күні сағат 10-00-де 2013-2014 оқу жылының 1-9 сыныптарға арналған соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиынға қалалық білім,денешынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері Әсемханова Гүлнар Базылханқызы және мектептің ата-аналар комитеті Зекенова Назгүл және мектеп бітіруші 9 сыныптың ата-аналары,1 сынып оқушыларының ата-аналары шақырылды. Жиын мектептің спорт залында өткізілді.Спорт залының іші безендіріліп,мектептің жыл бойына өткізілген іс-шараларынан слайдттар қойылды. Жиында барлық оқушылар сапқа тұрғызылып,ҚР-ның әнұраны айтылғаннан соң мектеп директоры Абдуалиева Айна Тлеккабыловна сөз сөйлеп ашып берді.Шақырылған қонақтарға,ата-аналарға сөз берілді. 2013-2014 оқу жылының үздік оқушыларын ортаға шақыру рәсімі жасалынғаннан кейін құттықтауға арналған бұйрықты мектептің оқу ісінің орынбасары Жакупбекова Сауле Азиханова оқып, Асемханова Гүлнар Базылханқызы мадақтамаларды тапсырды. Мектептің жыл бойы іс-шараларына ,спорттық сайыстарға,олимпиадаларға қатысқан оқушыларды және ата-аналарды мектеп директоры Абдуалиева Айна Тлеккабыловна алғыс хаттармен ,мадақтамалармен марапаттады. 1 сынып оқушылары аға-апаларына арналған тақпақтарын айтып,сыйлықтарын табыстады.9сынып оқушылары ұстаздарына арналған тілектерін білдірді. 2013-2014 оқу жылының соңғы қоңырауын 9 сынып оқушысы Қартабай Нұрланбек және 1 сынып оқушысы Ерланқызы Айханым соқты.Жиын соңы мерекелік ән шашуға ұласты.







