Размер шрифта:

Наурыз-2014

22-Наурыз мерекесіне арналған іс-шара сап жиыннан басталып, директордың тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары Шакижанова А.Қ ., сөз сөйлеп, ұстаз-оқушыларды 22-Наурыз Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады. Аға тәлімгер Акшалова А.Т 22-Наурыз тарихы жайында мағұлмат оқыды. «Наурыз думан» тақырыбында сынып сағаттар өтілді. «Наурыз айшықтары» тақырыбында 1-ші қабатта көрме көрсетілді. Тарих пән мұғалімі Жакупбеков М.И., жүргізуімен 8 «А» сыныбында «Ұлттық рухымызды асқақтатқан әз – Наурыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда мұғалім 22-Наурыз тарихына тоқталып, өтіп содан кейін оқушылар өз пікірлерін айтып, әңгіме жүрді. «Қош келдің - әз Наурыз» тақырыбында сынып оқушыларының әр салт-дәстүрді көрсетуімен концерттік бағдарлама болып өтті. 2 «А» сынып оқушылары «Сүйінші», 3 «Ә» сынып оқушылары «Көрімдік», 3 «А» сынып оқушылары «Тұсау кесер», 4 «А» сынып оқушылары «Тоқымқағар», 7 «А» сынып «Сырға салу, құда түсу», 9 «А» сынып «Қыз ұзату», 6 «А» сынып оқушылары «Беташар, жар-жар», 5 «А» сынып «Шашу» салт-дәстүрлерін нақышына келтіріп, көріністерді көрсетті. Кеш соңында мектеп директоры Абдуалиева А.Т, оқушылады, ұстаздарды 22-Наурыз мерекесімен құттықтады.

  

    

      

Дата: 4.04.2014, 2:23 Автор: СШ №5