«Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шыққанына 25 жыл»
«Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шыққанына 25 жыл» толуына арналған он күндікте өткізілген іс-шара «Ауған соғысы-тарихтың қасиетті парағы» атты қабырға газетін ілініп, «Ер есімі-ел есінде» кітап көрмесінен басталды. Ауғанстандағы соғыс туралы баларға видео бейне көрсетілді. «Ауғанның от жалыны» атты сынып жетекшілер сынып сағаттарын жүргізіліп, сап жиыны жүргізілді. Тарих пән мұғалімінің жүргізуімен «Ауған жүректегі жара» атты дөнгелек стөл болып өтті. Оқушылардың қол өнерімен «Ерлікке тағзым етемін» атты сурет көрмесі өтті. Дене шынықтыру пән мұғалімдерінің жүргізуімен «Қайсарлық – бізге лайық» спорттық ойын болып өтті. Апталық «Ауған жүректегі жара» атты сап жиынмен аяқталды. Мектебімізде «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шыққанына 25 жыл» толуына арналған апталықта «Ауғанның от жалыны» атты сап жиыны болып өтті. Сап жиынды мектеп директоры Абдуалиева А.Т бастады. Тарих пән мұғалімі Ауған соғысының тарихы жайлы балаларға қысқаша айтып өтті. Ауған соғысына қатысқан жерлестеріміздің рухына бағыштап 1 минут үнсіздікпен еске алды. Оқушылар өздері жазған, жаттаған тақпақтарын айтып, ән шырқады.
Биыл кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл. Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп, қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды!