Елбасының Жолдауын бірге қолдаймыз!

                    Елбасының  Жолдауын бірге қолдаймыз!

 

 №5 орта мектептің 9-сынып оқушылары  Елбасының  жолдауын талқылап, Президент қойған міндеттерді жүзеге асыруға дайындықтарын білдірді.

 Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» болу мұратын көтерген «Қазақстан - 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты Жолдауы ел өміріндегі ғана емес, әлемдік деңгейдегі саяси маңызы зор тарихи құжат ретінде бағалануда.

    Президенттің Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы бұдан да биік, бұдан да асқаралы мұраттарға жетелейтді, бүкіл қазақстандықтардың өз болашағына деген үмітті  арттыра түсетіндігіне оқушылар сенімдерінің  мол екендігін атап өтті..

Білім мен ғылым - еліміздің ең басты байлығы. Жолдауда білім беру жүйесі мен ғылым саласын дамытудың жаңа міндеттері алға қойылып отыр. «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек», - деп талап қойған Президент сауаттылық мәселесінің қазіргі заманда әлдеқайда тереңдей, күрделене түскендігін айта келе, білім, ғылым саласындағы негізгі басымдықтарды саралап берді.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, Елбасымыздың әр жылғы жолдауы бүкіл қазақстандықтардың болашағына деген сенімін арттырып, ол сенім өмірлік ұстанымға айналып отырады.

Биылғы жолдауда біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев 3 аса маңызды бағдарламаларды бекітті. Олар -  білім беру, денсаулық және тілдерді дамыту.

Біз жыл сайын Президентіміздің жолдауын талқылаймыз. Жастар үшін бұл өте пайдалы деп ойлаймын. Өткені елдің болашағы жастардың қолында.

 

 

 

                            

Дата: 26.02.2014, 6:45 Автор: СШ №5