«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Заң және тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында 7–11-сынып оқушылары арасында Мектеп әкімшілігі,мектеп инспекторы, «Заң және тәртіп» жетекшісінің қатысуымен «Өз құқығыңды біл, заңды құрметте!» тақырыбында кездесу
«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Заң және тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында 7–11-сынып оқушылары арасында Мектеп әкімшілігі,мектеп инспекторы, «Заң және тәртіп» жетекшісінің қатысуымен «Өз құқығыңды біл, заңды құрметте!» тақырыбында кездесу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін білуге, заң талаптарын сақтауға және өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Кездесу барысында жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, мектептегі және қоғамдық орындардағы тәртіп, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Өз құқығын білумен қатар, өзгенің де құқығын құрметтеудің маңыздылығына назар аударылды.
Оқушылар тақырып бойынша пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Кездесу заңды құрметтеу, жауапкершілік таныту және даулы жағдайларды бейбіт жолмен шешу туралы түсініктерін кеңейтуге бағытталды.
Заңды білу – өзіңді қорғау, заңды құрметтеу – қоғамға құрмет!
Дата: 20.11.2026, 14:43 Автор: №5 ОМ