Размер шрифта:

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің өкілдерімен кәсіптік бағдар беру кездесуі

 Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің өкілдерімен кәсіптік бағдар беру кездесуі

14 мамыр күні 11 сынып оқушыларна кәсіптік бағдар беру жұмыс аясында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті білім беру бағдарламасы мен инженерлік-техникалық мамандықтарға деген қызығушылықты арттыру мақсатында оқушыларымен кездесіп, оларға техникалық бейіндегі білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді, оқушыларға университеттің оқыту бағдарламалары, оқу процессі, зерттеу жобалары мен ғылыми жұмыстар туралы түсініктеме берді.
Сонымен қатар, университет оқу орынның карьералық жарнамалық буклеттерін таратып, оқушыларға университетте оқу шарттары мен артықшылықтарын таныстырды. Бұл түлектердің болашақ мамандықтарын таңдауына көмектеседі, сондай-ақ техникалық мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттырады.
Жалпы алғанда, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық колледжі мен университеті мектепте кәсіптік бағдар беру саласында белсенді жұмыс атқаруда, бұл Қазақстанның инженерлік-техникалық кадрларын даярлауда маңызды рөл атқарады.

Дата: 1.06.2026, 16:02 Автор: №5 ОМ