В рамках Единой воспитательной программы «Адал азамат» членами отцовской школы «Шапағат» были организованы и проведены соревнования по волейболу среди отцов на тему «Волейбол отцов: Единство и дружба».
«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2026 жылғы 30 қаңтар күні «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Шапағат»әкелер мектебі мүшелерімен «Әкелер волейболы: Бірлік пен достық» тақырыбында әкелер арасында волейбол жарысы ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – әкелердің мектеп өміріне белсенді қатысуын арттыру, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ бірлік пен достық құндылықтарын қалыптастыру.
Жарысқа оқушылардың әкелерінен құралған командалар қатысып, өзара татулық пен ұйымшылдықтың, спорттық шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті. Ойын барысында қатысушылар әділдік пен өзара қолдаудың үлгісін танытып, жас ұрпаққа үлгі боларлық іс-әрекеттер көрсете білді.Шара соңында белсенді қатысқан әкелерге алғыс білдірілді. Аталған спорттық жарыс ата-аналар қауымдастығы мен мектеп арасындағы серіктестікті нығайтуға және тәрбиелік жұмыстың тиімділігін арттыруға өз үлесін қосты.
Жетекшілер: Кульбек А.К,Манарбекұлы Ә,Қажен А.С