Жолдауға пікір
Жолдауға пікір
Президент Қ. К.Тоқаев бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік салаларда, экономикалық бағытта жүргізілетін іс-шаралар туралы анық, нақты айтып өтті.
Жаңа экономикалық саясаттағы қиындықтардың шешу жолдары бар екендігін нық сеніммен жеткізді. Ұлттық қордың қаржысының бұрынғыға қарағанда тиімді жұмсалуын қадағалап отыратындығы жағымды жаңалық болды.
Кәсіпкерлерге қолдау көрсету де қуантарлық жайт болды. Тауарлар мен қызмеиттердің сапасының да қатаң қадағалауда болуы халықтың көкейінде жүрген алаңдаушылықтарын сейілтті. Жер мәселесі бойынша жер телімдерін кәсіпкерлерге беру, тиімді пайдалану керектігін қатаң тапсырды.
Ұлт саулығы, яғни медицина саласында көптеген мәселелерді шешуді талап ететіндігін айта отырып, сақтандыру жүйесін қалыпқа келтіруді, қайта қарастыруды талап етуі де халықтың көңілінен шықты.
Білім саласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобаның қолға алынғандығы айтылды. Бұл ауыл мен қала мектептерінің айырмашылығын төмендетуде жақсы мүмкіндік болып таылады. Сонымен қатар орта жалақы 60мың-нан 70мыңға өсуі және ұстаздардың жалақысының 2023 жылудың қаңтарынан өсуі де жағымды жаналық болды. «Кәсіби шебер, білікті адамдардың қоғамда сыйлы болуы керек» деді Қ.К.Тоқаев. Яғги қоғамда ұстаздардың да мәртебесі арта түседі деп ойлаймыз.
Елбасының Жолдауын ұстаздар қауымы қолдай отырып, оны іске асыру үшін барлық білімдері мен тәжірибелерін жұмылдырады деп сенеміз.
Жолдауда қамтылған барлық мәселелер ел келешегінің кемелденуіне сеп бола алады. Қ.К.Тоқаевтың «Уәделер тек қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асырылуы керек» деген сөздері де халыққа үлкен сенім ұялатты.