«Балақайлар мектебі» мектепалды даярлық курсы туралы хабарландыру

Құрметті ата-аналар! Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-і 02.08.20-28.08.20 аралығында, 1-сыныпқа қысқа мерзімде дайындау мақсатында «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлық курстарын тегін жүргізілетінін хабарлайды. Бұл ақпарат - мектепке дейінгі мекемелерге бармаған оқушылардың ата-аналары үшін маңызды ақпарат. Даярлық курсының мақсаты: Балалардың мектепте оқуға деген ынтасын, зияткерлік, эмоционалдық-еріктік дайындығына ықпал ететін білім беру ортасын құру, бірінші сыныпта табысты бейімделуін қамтамасыз ету. Біздің мекен-жайымыз: Желтоқсан көшесі 17-ші үй
Дата: 5.08.2021, 17:23 Автор: СШ №5