«Қашықтықтан оқыту кезеңінде БЖБ және ТЖБ жүргізудің тиімді жолдары»

«Қашықтықтан оқыту кезеңінде БЖБ және ТЖБ жүргізудің тиімді жолдары»

 «Балқаш жалпы білім беретін №5 орта мектебі» КММ-інде 06.05.2020 ж күні мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Мұқаметжан Тоғжан Дәуренқызы «Қашықтықтан оқыту кезеңінде БЖБ және ТЖБ жүргізудің тиімді жолдары» тақырыбында мектепішілік онлайн вебинар өткізді. Вебинар мақсаты- қашықтықтан оқытуда тоқсандық жиынтық бағалау және бөлім бойынша жиынтық бағалауды алуға тиімді жұмыс жасау алгоритмін көрсету.
Вебинарға 28 мұғалім қатысты. Осы вебинарда төтенше жағдайға байланысты IV тоқсанда өткізілетін ТЖБ- ды қолайлы жолмен алуға Google, quizizz.com, easyclass  формаларында ұсынылды. Сайттардың мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, тапсырма жасаудың бірнеше түрін көрсетті. Және де оқушылармен кері байланыс жасау жолдары, яғни мұғалімге оқушылардың қорытынды жұмыстарын тексерудің тиімді жолдары ұсынылды. Және бұл вебинар мектептің ютуб каналында жүктелді.

Дата: 11.05.2020, 11:22 Автор: №5 ОМ