Құрметті «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі» КММ-нің ата-аналар мен оқушыларға арналған, қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде жадынама:

Құрметті «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі» КММ-нің ата-аналар мен оқушыларға арналған, қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде жадынама:

- сабақтың басталу уақыты ..... (кейін хабарланады);

- сабақ кестесі оқушының жұмыс орнына (көрінетін) жақын жерде болуы керек;

-  сабақтар қатаң түрде уақытында өткізіледі (кесте бойынша);

-  компьютер (телефон) толығымен зарядталған болуы тиіс, кешке дайындап қойған жөн;

- арнайы сабақ оқу орны белгіленуі шарт;

- сабаққа уақытында қосылыңыз: сабақ басталуға 5 минут қалғанда;

- балалардың жуынып, таранып, ұқыпты киінуі маңызды (жатынкиім мен халаттарда емес);

- Бөлмеде қатаң тыныштық сақталуы тиіс, сыртқы дыбыстарды өшіруіңіз керек. Сабақ уақытында  отбасындағы басқа балалар мен үй жануарларының кедергі келтірмеуін назарда ұстаңыз;

- сабақ барысында балалардың  бөлмеден шықпауы, орынсыз тамақтанбауы, басқа бөгде заттарға алаңдамауы, онлайн сабақтан шығып кетпеуі назарда болуы керек;

- егер мұғалім сұрақ қойса, компьютердегі арнайы тетікшені қолданып қолыңызды көтеріп жауап бере аласыз;

- оқушы мұғалімнің нұсқауларын қатаң орындауы керек;

- мұғалімге сұрақтар сабақтың түсіндірмесінен кейін, яғни мұғалім сұраған кезде ғана қойылады;

- сабақты түсіндіру кезінде ата-аналар мен балаларға чатта жазуға тыйым салынады;( тек дыбыс болмай, естілмей қалған жағдайда ғана рұқсат беріледі);

- балаға жауап бергенде орнынан тұрудың қажеті жоқ;

- мұғалімнің рұқсатынсыз суретке, бейнетаспаға  түсіруге, жүргізілген сабақты әлеуметтік желілерде жариялауға  қатаң тыйым салынады;

- сабақ барысында ата-аналарға араласуға шектеу қойылады;

- сабақта оқушының себепсіз қатыспай қалғаны  үшін ата-ана жауап береді.

Дата: 30.03.2020, 11:13 Автор: №5 ОМ