Қазақ әдебиеті пәнінен М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы кейіпкерлер әлемі тақырыбында Ж.М.Имангалиева облыстық онлайн сабақ өткізді

Қазақ әдебиеті пәнінен  М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда»  поэмасындағы кейіпкерлер әлемі тақырыбында  Ж.М.Имангалиева облыстық онлайн сабақ өткізді

   12.03.2020. жылы 8 «А» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен  М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда»  поэмасындағы кейіпкерлер әлемі тақырыбында  Ж.М.Имангалиева облыстық онлайн сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Көркем шығармадағы  кейіпкерлерге мінездеме беру, тура және жанама мінездеуді жіктеу.  Шығарма бойынша  жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу.

   Сабақта сын тұрғысынан ойлау технологияларының бірнеше стратегиялары қолданылды. Сабақтың басында, «Поэзия минуты» әдісі бойынша табиғат, Отан, отбасы тақырыптарына арналған ақиық ақынның өлеңдерін  жатқа мәнерлеп оқумен басталды.   Сабақтың ортасында, «Интервью алу», «Кейіпкер портреті», «Дебат» әдістері арқылы топтық , жұптық  тапсырмалар  орындалды. Әр тапсырмаларды орындағаннан кейін  «ҚҚҚ»  бағалау кестесі арқылы топтар бір-бірін бағалап отырды. Сабақтың соңында «Ашық хат» әдісі бойынша ақын- жазушылардың М.Мақатаев туралы айтқан пікірлеріне сүйене отырып,  өзіндік  сыни пікірлерін жаза алды. Сабақтың соңында «Мұқағали туралы 9 дерек» атты  бейнероликті көріп,  ақынның жеке өміріне қатысты естімеген деректермен танысты.Ақынның өзінің дауысын тыңдап, оқушылар  ақынмен сырласқандай болды,    «Мұқағалидай ақыны бар халық бақытты халық» деген екен, ақын  Ф. Оңғарсынова.   Олай болса, сыршыл ақынның өміршең шығармаларымен танысқан сендер де сол елдің бақытты ұрпағысыңдар. Бізде сұлулықты сүйген, туған жерін құрметтеген, табиғатты аялаған ақ иық ақындай, сұлулықты сүйіп, ата - ананы құрметтейік, табиғатты аялайық! деп  сабаққа  қорытынды жасалынды. Сабақ соңынан оқушылар кері байланыс жасап, бағаланды.

Дата: 13.03.2020, 11:34 Автор: №5 ОМ