«Баршаңыға мың алғыс» атты бұрыш ұйымдастырылды.

«Баршаңыға мың алғыс» атты бұрыш ұйымдастырылды.
1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күннің қарсаңына қарай «Жас ұлан» ұйымының  «Өзін – өзі басқару» белсенділері «Баршаңыға мың алғыс» атты бұрыш ұйымдастырылды. Мектебімізде оқушылар, ата- аналар , ұстаздар  бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын  алғысын жазып білдірді.   
   Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті. 2016 жылдың 14 қаңтарында президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады.
Дата: 27.02.2020, 14:57 Автор: №5 ОМ