Мектеп күнінің ll-бөлімі бойынша "Мектептегі оқыту мен тәрбиенің үлгісі не? қалай? не үшін?" атты мектеп форумы-2020 өтті

Мектеп күнінің ll-бөлімі бойынша

 07.02 күні қалалық мектеп күнінің ll-бөлімі бойынша "Мектептегі оқыту мен тәрбиенің үлгісі не? қалай?  не үшін?" атты мектеп форумы-2020  өтті.Форумның l - бөлімінде мектебіміздің тәжірибелі мұғалімдері шеберлік сабақтарын өткізді.ll-бөлімінде "Ғылымға бір қадам"атты көрме өтті.lll-бөлімінде "Менің сүйікті мектебім"атты фильм көрсетілді.lV- бөлімінде "Оқушылардың әл-ауқатына жағдай жасаудағы мектеп пен отбасының өзара  әрекеттестігі"атты пленарлық отырыс өткізілді.Форумға қалалық білім бөлімінен және қала мектептерінің директорлары мен орынбасарлары,ата-аналар комитетінің төрайымы мен қамқоршылар кеңес төрағасы және "Балқаш өңірі"газетінің тілшісі қонақта болды.

Дата: 10.02.2020, 9:49 Автор: №5 ОМ