«Дені саудың – жаны сау»
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі жастардың қолында. Осы бағытты дамыту мақсатында мектепте іс-шаралар өткізіліп отырады.
25.03.2019 жылы 5 «А» сыныбында «Дені саудың – жаны сау»атты танымдық сайыс өтті.Сайыстың мақсаты: Оқушылырдың денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу. Дене, жеке бас гигиенасын сақтау және жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Танымдық сайыс мынандай қызықты аялдамалардан «Спорт», «Тазалық», «Зиянды әдеттер», «Жаттығулар».Әр аялдамада оқушылар белсенділік танытып, өздерін жақсы жақтан көрсетіп отырды. Әсіресе «Жаттығулар» аялдамасында оқушылыр қызықты жаттығулар орындап, түрлі денсаулыққа пайдалы жаттығуларды бір-біріне көрсетті. Төтенше жағдайда қандай алғашқы көмек көрсету керектігін оқушылыр дұрыс көрсете білді.