«Жаңартылған білім беру мазмұнында тиімді әдіс-тәсілдер арқылы сабақты зерттеу» атты тақырыбында, «Назарбаев Зияткерлік мектебі»
27.02.2019 жылы «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі» КММ-де «Жаңартылған білім беру мазмұнында тиімді әдіс-тәсілдер арқылы сабақты зерттеу» атты тақырыбында, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның тәжірибесін трансформациялау бойынша оқыту семинары өтті.
Мақсаты:
НЗМ тәжірибесін жүзеге асыру мақсатында, мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету, әріптестер арасындағы ынтымақтастық пен бірлескен жұмысты ұйымдастыру
Міндеттері:
1.Cабақты зерттеу, іс-әрекеттегі зерттеу тәсілдерін жүзеге асыру;
2.Магниттік мектептермен әдістемелік байланыс орнату;
І бөлім
«Сабақты зерттеу-кәсіби дамудың жарқын жолы»
Онда «Сызықтық алгоритмді программалау» Информатика пәні 7 «А» сынып информатика пәні мұғалімі Мұқаметжан Т.Д. берді. Мақсаты: Сызықтық алгоритмдерді программалау тілінде жазу болды.Ағылшын тілі пәні 5 «Ә» Смағұл А.А. « Home and garden» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
IIбөлім. «Мектеп мұражайына саяхат» Шакижанова Алма Қоныспаевна мен Жакупбеков Мадияр Исумхановичтің жетекшілігімен Амлешова Аружан мен Асқарқызы Аяна 8 А сынып , Серік Сауран 11 А сынып оқушысы өз жобаларын қорғады.
III бөлім. Мектеп кітапханашысы Махашова К.Ш.ұйымдастыруымен 6 «А»сынып оқушылары Мұрат Сұлтан, Кеңесбай Ақбота, Жұмағали Мерұлан,Айтбай Аружан, Жұматай , Қалқаман Дильназ «Оқушыларға оқу үшін ұсынылатын 100 кітап» акциясын қонақтар назарына ұсынды.
IV бөлім. «Кері байланыс» деп аталады мектебіміздің координаторы Ж.Иманғалиева ақылдың алты қалпағы әдісі бойынша «Кері байланыс» жасады. Әркім өздерінің ұсыныстарын , тілектерін , үйренгендерін айтып, ақпараттармен бөлісіп семинарды қорытындылады.


