«Менің елім– Мәңгілік Ел – Қазақстан»
Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында ұрпақ санасына ұлт жандылық рухын сіңіріп, таным көк жиегін байыту. Еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін білімдері арқылы көрсетіп, өз қатарластарына үлгі бола отырып, тұлғалық дамуына үлес қосу мақсатында «Менің елім-Мәңгілік ел-Қазақстан» тақырыбында қала мектептерінің 10 сынып оқушылары арасында танымдық байқау өткізілді.Байқау төрт кезеңнен тұрды.
І кезең «Бәйге»
ІІ кезең «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік»
ІІІ кезең «Асқақтай бер азаттық, аспандай бер Мәңгілік Ел!» эссе жазу
IV кезең «Жорға
Байқауға қалалық А.Гайдар атындағы кітапхана қызметкері Балғынбаева Айнұр Қанатқызы, «Балқаш өңірі»газетінің тілшісі Каукербекова Гүлзат
және ЖББ №5 орта мектеп кітапхана меңгерушісі Махашова Көптілеу Шойынбаевна қазылық етті.
Сайыс қорытындысында І орын жалпы білім беретін №24 орта мектебі,ІІ орын Абай атындағы №2 лицей,ІІІ орын №15 мектеп лицей және жалпы білім беретін №9 орта мектеп оқушылары иеленді.Барлық ойынға қатысқан оқушылар әр түрлі номинациялармен марапатталды.