«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі» КММ-нің Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы –адам құқығы» атты республикалық онкүндік іс –шаралар ақпары
Мектебімізде 2017 жылдың 20 - 30 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы –адам құқығы» атты республикалық онкүндік іс –шаралар жоспары бекітіліп, жоспар бойынша іс –шаралар өтті.
Іс –шараның мақсаты:
- Бала құқығы туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері туралы білім деңгейлерін арттыру;
- Бала құқығы туралы конвенциясы жайлы баптардан түсінік бере отырып, міндеттері мен жауапкершіліктерін қалыптастыру, таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету;
- Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар –ождан бостандығына, адалдық пен мейірілімділікке тәрбиелеу.
Жоспар бойынша:
- 2017 жылдың 20 қарашасы күні 1-11 сыныптар арасында «Бала құқығы –асыл қазына» атты ашық линейка өтті.
- 2017 жылдың 21 қарашасы күні 1-11 сыныптар арасында «Өз үйім –өлең төсегім» тақырыбында видеоролик көрсетілді және «Құқық –өмір айнасы» атты тәрбие сағатыөтті.
- 2017 жылдың 22 қарашасы күні мектеп психологы Назерке Дарханқызы Амантаева 5-8 сыныптар арасында «Бала құқығы» атты тренинг өткізді.
- 2017 жылдың 23 қарашасы күні 4-11 сыныптар арасында «Сенің құқығың — менің құқығым» атты мектеп инспекторы Қанат Жакипбекұлы Жандыгуловпен кездесу өтті.
- 2017 жылдың 24 қарашасы күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алма Қоныспайқызы Шакижанова, әлеуметтік педагог Жазира Манатбекқызы Төлеген және мектеп психологы Назерке Дарханқызы Амантаева 7-11 сынып оқушыларының ата –аналарымен «Ата –ананың өмірге көзқарасы» атты тақырыпта сыр –сұхбат өткізді.
- 2017 жылдың 27 қарашасы күні 9 «А» сынып оқушыларымен құқық пәні мұғалімі Торғын Төлеуғазықызы Мақыш «Құқық ұғымен біз қалай түсінеміз?» атты танымдық сабақөткізді.
- 2017 жылдың 28 қарашасы күні тарих пәнінің мұғалімі Алма Қоныспайқызы Шакижанова 5 «Ә» сыныптар арасында «Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
- 2017 жылдың 29 қарашасы күні мектеп психологы Назерке Дарханқызы Амантаева 9-11 сыныптар арасында «Зорлықсыз балалық шақ» атты сауалнама жүргізіліп, қорытындысы бойынша нәтиже шығарды.
Дата: 2.12.2017, 3:51 Автор: СШ №5