«Балқаш қаласы жалпы білім беретін № 5 орта мектебі»КММ-де күзгі демалыс мезгілінде 4- 6 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілген «АЙГӨЛЕК» ән би байқауының ақпары

«Балқаш қаласы жалпы білім беретін № 5 орта  мектебі»КММ-де күзгі демалыс мезгілінде 4- 6 сынып оқушыларының қатысуымен  өткізілген «АЙГӨЛЕК» ән би байқауының ақпары

Мектебімізде  03.11.2017күні   4- 6 сыныптар «АЙГӨЛЕК» ән  би байқауы  өткізілді.Байқаудың  мақсаты   4-6 сынып оқушылар арасынан ән-би, сахна мәдениетіне  қабілетті оқушыларды анықтау. Шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өздерін бір сәт кішкентай жұлдыздардай сезіндіру болатын.Өнер сайысына мектебіміздің 8 өнерпазы қатысты «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» деп хакім Абай айтқандай бұл байқауға   бәрінің де алаулаған жүздерінен өздеріне деген сенім мен үмітті аңғаруға болады. Көздерінде оты бар өрендеріміздің даярлығы аса жоғары болғандығын айта кету ләзім. Сахналық киімдері мен көрермен алдында өз-өздерін ұстау мәдениеті осыны аңғартқандай. Қатысушылар «Алға, Қазақстан!», «Туған ел», «Бала тілегі» атты патриоттық әндерді орындады. Осылайша мектебіміздің өнерлі, талантты балалары анықталды. «Айгөлек»  ән –би байқауы биыл осымен 3 рет өтілуде. Жас таланттар өнерлерімен көрерменді тәнті етті. Қатысушылардың бірі мың бұралып билесе, енді бірі жиналған көпшілікті тамсандыра ән шырқады.

 Игілікті байқауды ұйымдастырған мектебіміздің  музыкалық көркем жетекшісі Кишкиндаева Манара Жантілеуқызы және аға тәлімгер Кунарбекова Қымбат Майданқызы болды.Байқауға мектебіміздің ата-аналар комитеті төрайымдары шақырылды.

Байқау үш жанр бойынша ұйымдастырылды. Атап айтсақ, эстрадалық-вокал, топтық жанр және хореография. Бұл жанрлар өнерпаздар арасында кеңінен игерілген, халықтық мұраға айналған бірден бір өнер түрлері болатын. 

Байқау қорытындысы бойынша   бас жүлдені 6 «А» сынып оқушысы «Шайхана» әнімен Нұрылдаев Нұрсұлтан ,  І орынды 6 «А» сынып оқушысы «Алға, Қазақстан!» Тимофеев Альазиз  еншілесе, ІІ орынды  Бөгенбай Алдияр . ІІІ орынды  Ерболқызы Жансая иеленді .«Әнші балапан» номинациясымен
5 «А» сынып оқушысы Қалхаман Дильназ , Әділетұлы Әділ,Кеңесбай Ақбота, 6 «А»сынып оқушысы Алматқызы Назерке , «Үздік  жүргізуші» номинациясымен  Жұматай Адамбек,Чекушкина Мелания марапатталды.

 Өнер қоржынымыз бай, бұл бағыттағы басталған шаралар баянды болсын деп тілек білдірейік!

Дата: 7.11.2017, 6:28 Автор: СШ №5