Латын қарпіне көшу туралы өткізілген іс-шаралардың ақпары

Латын қарпіне көшу туралы өткізілген  іс-шаралардың ақпары

№5 жалпы білім беретін орта мектебінде  «Латын  әліпбиі-өзекті мәселе»тақырыбында 9-10  сынып оқушылары  және мектеп мұғалімдері арасында  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі  Ж.М.Имангалиева дөңгелек үстел  өткізіді. Дөңгелек үстелді  Елбасының  “2025 жылға қарай ісқағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз”, – деген сөзімен бастады.

Қазіргі кездегі басты мәселе – осы латын әліпбиіне көшу тұрғысындағы екіұдайлы пікірлерден арылу. “Қазақстан – 2050” Стратегиясында латын әліпбиіне 2025 жылы толық көшетініміз туралы нақты белгіленген. Халық арасында, тіпті, ақпарат құралдары кеңістігінде өзіндік ой айтып, қызыл кеңірдек болып жүрген саясаткерлерді де, бұл бастаманың ақша шашу екендігін дәлелдеуге тырысып жүрген азаматтарды да көзіміз шалып қалады. Бірақ Елбасының “Латын әліпбиі – заман талабы” деген сөзін басшылыққа ала отырып, әлем кеңістігіне еркін саяхаттай алатынымызға кәміл сенуіміз керек. Мемлекетіміздің одан әрі дамып, көркейіп, гүлденуі үшін қолға алынған маңызды бастамалардың бірі – латын әліпбиіне көшу екенін айтып өтті.

Оқушылардың,  мұғалімдердің пікірлері тыңдалды. Оқушылар арасынан латын тіліні үйрену бізге қиындық туғызбай ма? деген  сауал қойса,  екінші оқушы ағылшын тілін білетін оқушы үшін оңай соғары сөзсіз деген  пікірмен дәлелдеді.  Мұғалімдердің пікірі бойынша, Тәуелсіз  мемлекетте тұратын халықтың бәріне ортақ әліпби болса, онда құптарлық жағдай, ал  тек, қазақ ұлты үшін  ғана бола әлі ойлану керек деген пікірін білдірді.

   Соңынан  Елбасының бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сөйлеген сөзінен бейнеролик көрсету арқылы қорытынды жасап, оқушыларға латын әліпбиін ұсынды. Келешек ұрпақтың латын қаріптерін осы бастан үйреніп, күнделікті өмірде қолдану керек екені  айтылды.

«Латын әліпбиі – заман талабы»атты мектеп кітапханасында

К.Ш. Махашованың ұйымдастыруымен  газет -журналдарға шыққан материалдардан жасаған көрмемен  танысты.  7-8  сынып оқушылары  латын әліпбиінің қолданылуы,  кириллица жазуынан айырмашылығы туралы мол ақпараттармен  білімдерін кеңейтті.

Іс-шарадан көріністер: 

Дата: 18.10.2017, 8:18 Автор: СШ №5