Размер шрифта:

Әлем таныған - Әуезов. «Көп жасаған білмейді,көп оқыған біледі» М.Әуезов

Әлем таныған - Әуезов. «Көп жасаған білмейді,көп оқыған біледі» М.Әуезов

Туған халқын төрткүл дүниеге танытқан ұлы суреткер Мұхтар Омарханұлы Әуезов - кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі. Қазақ әдебиетінің қарымды қаламгері, дарынды ғалым. Ұлы жазушы, данышпан ойшыл, ғұлама ғалым, асыл азамат Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына биыл 120 жыл толып отыр.
 Әуезов өмірі мен еңбегінің халық үшін қаншалықты маңызды болғанын кейін тарихтың өзі дәлелдеді. Ол аласапыран кезеңдерде халқымыздың талай рет үзіліп қала жаздаған мәдени-рухани арқауына, ұлттық болмысына аман жетуіне үлкен үлес қосты..
Олай болса, бүгінгі «Әлем таныған Әуезов» тақырыбындағы танымдық кешті осы ұлы тұлғаға арналады. 

   Жазушының .негізгі тақырыптары-әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, әйел басындағы ауыр тағдыр туралы..Осының бәрі М.Әуезовтің ұлы эпопеяға барар жолдағы әрекеттері болатын. «Абай жолы»-Әуезовтің бас кітабы.Осы шығармасы арқылы бүкіл дүние жүзіне, өз отандастарына  қазақ дегеннің кім екенін танытты. 5 сынып оқушыларымен  өткізілген «Әлем таныған -Әуезов»  кешінде қазақ тілі пәні мұғалімі Б.Т.Адамбаева оқушыларға ұлы тұлғаның шығармашылығымен таныстыра отырып, шығармаларынан үзінді оқылып, сұрақтар қойылды.Кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар жазушы шығармаларымен таныстырылды. Әуезов әлемi көзге көрiнбейтiн ғажайып ұлы сиқырымен, құдiретiмен ұлттық рух тәуелсiздiгiн қорғауға, сақтауға үйретедi.Келер ғасырда да кемелдене беретiн кемеңгер М.Әуезов – бізге ғана емес,келер ұрпақтың  да сарқылмас игiлiгi, өлшеусiз бақыты

  Өз ұлтының көркем тілінің кәусар бұлағынан қанып сусындаған жас ұрпақтарымыз еліміздің келешектегі  парасатты   азаматтары болуы тиіс. Кітаптың ұлы қасиетін бағалайық оқырман ! 

Дата: 11.10.2017, 9:54 Автор: СШ №5