«Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» интеллектуалды ойыны
«Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» интеллектуалды ойыны
28.09.2017 жыл күні 22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының Тілдер күніне орай 3 сыныптардың арасында «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» атты интеллектуалды ойыны болып өтті. Мақсаты: Оқушылардың тілге деген қызығушылығын ояту, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәдениетін көтеру, сөздерді орынды қолдана білуге білімдерін байқап, дамыту.
Ойын 4 кезеңнен тұрды:
1.Мақал – мәтелдер (жалғастыру)
2.4 сурет 1 сөз (шешуін үш тілде айту керек)
3.Жұмбақтар (шешуін үш тілде айту керек)
4.Пазл құрастыру (шыққан суреттегі затты үш тілде айту)
Ойында әлілқазылар алқалары әділ бағаларын берді. Ойын соңында оқушылар әділқазылар алқасы шешім қабылдағанша бір сергіп алды. Интеллектуалды ойында І орынды-«Қазақтар» тобы, ІІ орынды-«Ағылшындар» тобы, ІІІ орынды-«Орыстар» тобы иеленіп, марапатталды.