«Мектепке жол» акция аясында ұйымдастырылған жұмыстар.
Дәстүрлі «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы осымен тоғызыншы жыл өткізілді.
Акцияның басты мақсаты — аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармай қалуының алдын алу үшін көмек көрсету болып табылады.
Акция аясында рейдтік іс-шаралар өткізілді. Рейд барысында пәтерлерді, соның ішінде қолайсыз отбасылардың үйлерін, саяжайларды, базарларды, автожуғыштарды, ойын-сауық мекемелерін, компьютерлік салондарды аралау ұйымдастырылды.
«Мектепке жол » атты акция аясында аз қамтылған отбасының балаларына киім-кешекпен және сөмке және оқу құралдарымен көмек көрсетілді.