ЖББ №5 орта мектеп жанындағы «Күншуақ» демалыс орталығының 05.06.2017 жылы өткізілген іс-шаралар

ЖББ №5 орта мектеп жанындағы «Күншуақ» демалыс орталығының 05.06.2017 жылы өткізілген іс-шаралар

05.06.2017 жылы «Күншуақ» демалыс орталығының балалары сағат 08.45-09.00 аралығында қабылданып, таңертенгі сергіту жаттығуы жасалынды. Жаттығудан соң балалар саптық жиынға қатысып, бүгінгі күннің күн тәртібімен танысты. Кейін таңғы ас ішті. Сағат 10.00 де оқушылар жазғы мектепте болып,  білімдерін шыңдай түсті. Кейін сағат 11:00 де «Менің өнерім» атты білімділер сайысы басталды. Бұл сайысқа «Қыран», «Сұңқар», «Талапкерлер» деген 3 топ қатысты. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Әр кезең өзінше ерекше болды. Әділқазылар алқасы мектеп алды даярлық тобының мұғалімі Мукашбекова С.С. мен бастауыш сынып мұғалімі Аханова А.К. болды. Сайыс соңында әділқазылар алқасы шешім шығарғанша балалар тәрбиешімен көңілді билер биледі. Сонымен сайыста «Күншуақ» сауықтыру орталығының оқушылар арасында өткізілген «Менің өнерім» сайысында белсене қатысқан үшін Тлеубаева Әнел, Бөгенбай Алдияр, Каукенов Ғабиден, Мұратбек Зарина, Серікбай Илияс, Джукенов Нуржан,Даривхан Іңкәр,Каукенов Жомарт марапатталды. Сайыстан кейін балаларға арналған ойын алаңына барып, балалар ойнап, көтеріңкі көңіл күймен қайтты. Сағат 13.00 де мектепке келіп балалар түскі астарын ішіп, тәтті ұйқыға кетті. Сағат 16.00 де тұрып жуынып, төсектерін реттіп, сағ. 16.20 да кешкі астарын ішіп балалар үйлеріне қайтты.

Дата: 9.06.2017, 6:22 Автор: СШ №5