"Алтын күз"

 

«Алтын күз»

           Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез.

       Дәл осындай шуақты күні «ЕрТөстік» балабақшасында «Алтын күз» атты І кіші және ІІ-ші кіші  топтарында ойын - сауықтыру өтті. Балаларға қонаққа күз, жел келіп ойын ойнап, би билеп, қуантты. Балалар арасында «Жемістер айтысы» қызықты өтіп, олар дәрумендердің пайдасын білді.

         Ал балалар күзге арналған тақпақтарын, әндерін, билерін қуана- қуана ортаға салып, мерекелік көңіл күймен, күз сыйын алып топтарына тарқады.

 

Дата: 19.10.2016, 7:21 Автор: Ертөстік