Қызамықтың белгілері.
Қызамық –антропонозды жіті вирустық инфекциялық ауру. Инфекция көзі – қызамықтың клиникалық анық немесе жойылған түрі бар науқас адам. Инфекция ауа тамшыларымен (науқаспен сөйлескен кезде, түшкіру, жөтелу, айқайлау, өткір дем шығару, сүйісу кезінде) және тігінен (анадан ұрыққа) беріледі. Қызамықпен ауыратын науқас бөртпе пайда болғанға дейін 7 күн бұрын және бөртпен пайда болғаннан кейін 7 күн ішінде басқаларға өте жұқпалы.
Дата: 21.11.2023, 10:16 Автор: Ертөстік