Размер шрифта:

«Ата қоныс - алтын мекен!»

«Ата қоныс - алтын мекен!»

Жас ұрпақтың бойынан Отан, туған жерге деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында алдымызда тойланғалы отырған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай балабақшамызда  "Ата қоныс- алтын мекен! " атты тақырыптық сабақ өтті. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз армандаған тәуелсіздігімізге қол жеткізгенімізге, міне 26 жыл толып отыр. Осындай айтулы мерекеде мың бұралған биші қыздарымыз  би билеп, балалар әннен шашу шашып, тақпақтарын оқыды. Сабақ соңында балалар қуанышты, мерекелік көңіл-күймен ойын ойнап, барлығы жаппай суретке түсті.

Дата: 15.12.2017, 9:13 Автор: Ертөстік